Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғын үй сертификаттары беріледі

c 13:34, 22/07/2020 c 734

0:00 / 0:00

Орал қаласында баспана алу үшін тұрғын үй сертификаттары берілмек. Аталмыш бағдарламаны орындау үшін қазынадан 56 млн теңгедей қаражат бөлінген. Қолдау "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға арналған.

Орал қаласында тұрғын үйдің бастапқы жарнасының 50 пайызын төлеуге арналған сертификат берілмек. Сертификаттың құны 1 млн теңгеден аспайды. Бұрындары аталмыш көмек пәтер кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналар мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жанұяларға берілген. Биылдан бастап мәслихаттың шешіміне сәйкес педагог, медицина қызметкерлері, полиция, мәдениет, спорт, ветеринария мен агроөнеркәсіп саласында қызмет жасайтын жандарға қоса берілмек.

Құжат қабылдау 3- тамыздан басталады. Сала мамандары өтініш тапсырмастан бұрын банктен төлем қабілетін растайтын құжатты алу керек дейді. Өтінішпен қоса мынандай құжаттарды тапсыру керек.

Тұрғын үй сертификатын алу үшін адамның басында баспанасы болмау керек. Және "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы пәтер алу үшін әрбір отбасы мүшесіне шаққандағы күнкөріс деңгейінің 2 пайызы, яғни 62362 теңгеден аспауы қажет.

Сурет ғаламтордан жүктелген

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.