Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жабайы саудаға жол жоқ

c 16:21, 21/07/2020 c 377

0:00 / 0:00

Қаладағы жол жиектері бұрыннан-ақ жаз айларында базарға айналатын орындардың бірі. Биыл да дәл сол жерлерде сауда қызып тұр. Қалалық ауыл шаруашығы және кәсіпкерлік бөлімі бұл орындарда маусымдық өнімдерді сатуға болмайды дейді. Өйткені қарбыз бен қауын көліктен шыққан улы газды бойына сіңіріп алуға бейім бақша өнімдерінің қатарына жатады. Сол себепті жергілікті полиция қызметінің мамандарымен бірлесіп рейдтік шаралар жүргізілуде. Бүгін Коняхин көшесіндегі жабайы сауда нүктелері нысанаға алынды.
Осы орайда орталық базар маңында жабайы сауда көздерін жою мақсатында жүк көліктеріне кіруге тиым салынған. Кәсіпкерлер болса бұл шараларға наразалық танытуда.Оралда қарбыз бен қауын сатуға ұйымдастырылған 40 орын бар. Қарбыздың қазіргі базардағы бағасы 70 пен 100 теңге аралығында. Бақша дақылдарының маусымдық саудасына келісім алу үшін, кәсіпкерлер өнімге санитарлық-карантиндік бақылау сертификатын, кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін, сондай-ақ жеке куәлігін ұсыну қажет. Қосымша ақпаратты Орал қаласы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің ресми сайтынан білуге болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.