Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алқымнан алған вирус

c 16:17, 21/07/2020 c 454

0:00 / 0:00

Мәскеу облысы Сергиев-Посад аудандық ауруханасының эпидемиологі Павел Гусевтің айтуынша, пневманияға шалдыққан науқастардың жаппай ауруханаға түсуі Мәскеу облысында да болған. Кейін оларда жағдай жақсара бастаған. Ресейлік мамандар Батыс Қазақстанда 14 шілдеден бері жұмыс істеуде. Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сәйкес екі елдің мамандары коронавирус инфекциясына тосқауыл қою үшін бірлесіп жұмыс істеп, нақты тәжірибе алмасып жатыр. Эпидемиологтың айтуынша бүгінде Ресей мемлекетінде короновирус инфекциясына қарсы ойлап табылған вакцина сынамадан өтуде. Брифингте облыстың бас дәрігері өкпенің қабынуына ұшырағандар қатары 2000-ға жақындағанын айтты. Яғни пневманияға көп жағдайда жасы егде тартқандар шалдығып отыр.Пневмания бойынша 1600 адам ем алуда. 260 науқас облыстық ауруханада. 608 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, ал үй жағдайында 732 науқас бар. Олардың барлығының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Айта кету қажет соңғы бір апта ішінде жедел-жәрдем қызметіне қоңырау шалу дерегі азайған. Облыста пандемиядан бүгін 28 науқас сауығып шықты.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.