0:00 / 0:00
Орал қаласында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының аясында №33 мектептің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда құрылысы нысанында жұмыс қарқынды жүзеге асып жатыр. Ет комбинаты ауданында орналасқан білім ошағында 400-тен астам оқушы білім алады. Оқушылар мен педагогтар 2016 жылдан бері қабырғасы қақырап, шатырынан су кетіп, қыста салқын болатын мектепте білім алып келді. Биыл қаңтардан бастап тозығы жеткен мектеп сүріліп, орнына жаңа нысанның құрылысы басталды. Мердігер компания жұмысты желтоқсанда аяқтаймыз деп отыр.
Қазіргі таңда Ет комбинаты ауданында орналасқан 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Құрылысшылар нысанның іргетасын құйып, қабырғасын қалау үстінде. Нысанда 85 адам жұмыстануда. Қызметкерлердің 23-ші жұмыспен қамту орталығы арқылы екі қолға бір күрек тапқан. Мердігер компания өкілдері жұмыс жасауға адам жетіспеушілігі мен құрылыс материалдарын жеткізу қиынға соғып отыр. Ол өз кезегінде құрылыстың қарқынына зиян тигізуде,-дейді.
Құрылыстың сапасын педагогтардан және ата-аналардан құралған комиссия да бақылап отыр.
Жалпы №33 мектепте 400-ден астам оқушы білім алады. Жаңа мектептің құрылысы басталған кезде барлық оқушылар мен ұстаздар №2 -мектепте білім алуын жалғастырған.
№33 мектептің құрылысы биыл желтоқсанда аяқталмақ. Құрылыс жұмыстары үшін қазынадан 1,7 млрд теңгедей қомақты қаражат бөлінген.