0:00 / 0:00
Орал қаласында арық жүйесін жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда мердігер компания арықтарды ретке келтіріп жатыр. Жалпы облыс орталығының арық жүйесі 7 шақырым 100 метрді құрайды.
Орал қаласында арық жүйесі өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап өз жұмысын бастайды. Содан бері арық жүйесі бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Қазіргі таңда арық жүйесінің кем-кетігін дұрыстау үшін жөндеу жұмыстары басталған. Бұл үшін қалалық бюджеттен 54 млн теңге бөлінген.
Оралдың арық жүйесі үлкен және кіші айналымнан (Круг) тұрады. Арық жүйесінің жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайды. Үш ай бұрын су жолында жөндеу басталған. Қазіргі таңда Некрасов көшесіндегі жұмыстар толықтай аяқталып, Құрманғазы көшесіне жалғасып жатыр.
Арық жүйесінің жөндеу жұмыстары келісім бойынша 3-ші қыркүйекте аяқталуы тиіс. Бірақ мердігер компания өкілдері жұмысты тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.