0:00 / 0:00
Қазақстанда коронавирустан ауырған науқастармен қатар өкпенің қабынуы да күн санап өсіп жатыр. Тіпті пневманиядан көз жұмғандар саны артты. Бұл аурудың да коронавируспен байлнасыы бар ма , жоқ па әзірге денсаулық сақату минситрлігі нақты мәлімет бере алмай отыр. Министрлік Дүниежүзілік денсаулық сақату ұйымының атипиялық пневмониямен ауырғандарды коронавирус жұқтырғандардың тізіміне қосу туралы мәселеге қатысты жауабын күтіп отыр. Ал Қазақстанда өткен тәулікте 1759 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде симптомсыз 844 тасымалдаушы тіркелген. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 63514 науқасты құрады. Індеттен 38 мыңнан адам жазылып шығып, 396 адам қайтыс болды. Елдегі эпидемиологиялық аухал жайында Әселім Қалкен баяндайды.
Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президентке берген есебінде Қазақстанда 1-8 шілде аралығында 56 802 пневманиямен ауырған науқас тіркелді дегенді. Одан бері біраз уақыт өтті өкпесі қабынып аурухана түсіп жатқандар әлі де бар. Алайда, кей мамандардың айтуынша, вирусты пневманияның коронавируспен байланысы бар. Әзірге денсаулық сақтау министрлігі пневманияны ковидпен байланыстырып отырған жоқ. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан атипиялық пневмониямен ауырғандарды коронавирус жұқтырғандардың тізіміне қосу туралы мәселеге қатысты жауап күтіп отыр. Вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, осы жауап келген де ғана нақты мәлімет беріледі.
Людмила Бюрабекова – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі « Біз қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және халықаралық ұйымдармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Себебі, қазіргі таңда ДДҰ-ның ұсынысы бойынша ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен деректер ғана коронавирус статистикасына енеді. Бұл ақпаратты қарап жатырмыз. Сауал жібердік, ДДҰ-дан жауап күтіп отырмыз. Келіссөздер арқылы тиісті деректер есепке алынады. Әрбір елдің статистика мен есепті жүргізудің өз жолы бар. Біз оны бір бірге келтіріп, басқа елдермен бірге болғымыз келеді»
Алайда, қытайлық БАҚ осы пневманияның өршуіне қатысты Қазақстанда қауіпті,белгісіз пневмания түрі тарап жатыр деп жар салғанды. Өз кезегінде Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Белгілі болғандай бұл ақпарат Қытайдағы біздің елдегі елшілігінен тараған. Енді қытайлықтар ол үшін кешірім сұрауы керек пе? Сыртқы ведомства бұл жағдай телефон арқылы талқыланғанын хабарлап отыр. Министр Алексей Цой осы мәселе туралы Қытай елшісімен сөйлесіпті. Кешірім сұраған ешкім жоқ сияқты.
Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан 5 айда шетелден 154,3 миллиард теңгеге дәрі сатып алғанын мәлімдегенді. Елімізге шетелден 98 жасанды таныс алдыру аппараты жеткізілген. Ал елдегі ахуалдың қиындап отырғанына қара халық та жай қарап отырмады. Көптеген мейірімді жандардың, «Айдың нұры» бастаған қорлардың көмегімен күні кеше Түркиядан 125 аса тыныс алу аппараты, дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл қазақстандық азаматтардың жасап отырған тіршілігі. Бұл азаматтар тағы 800 аса тыныс алу аппаратын Қытайдан әкелуді жоспарлауда. Оған қоса, 15 елден гуманитарлық көмек келіп жатыр. Алайда, коронавирус өршіген сәтте елде дәрі таппай сандалған қазақстандықтар қиналып қалды.Үкімет дәрі тапшлығын қолға алып жатқанымен, дәріханаларда қажет дәріні таба қою әзірге оңай болмай отыр. Мысалы, дәрі тапшы болып жатқанда мамыр айында Катар елінен келген дәрілер СК Фармацияның қоймасында жатқаны мәлім болды.
Людмила Бюрабекова – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі «Қайырымдылық көмекпен келген дәрі-дәрмектерді тарататын бірыңғай операторды білгілеу үшін заңнамаға өзгеріс енгізу қажет болды.Ал бүгініг күні келген, келіп жатқан жүктер бойынша рұқсат беру құжаттарын талап етеді.Катар жүгі бойныша айтатын болсам ол ешбір құжатсыз келді. Бізге дәрі-дәрмектің, қорғану киімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне сертификат алуға уақты қажет болды.Ол медиицналық көмек көрестуге бағытталған.Біз оның сапасын сенімді болуымыз керек болды».