Шіліңгір шілденің аптап ыстығында тағы да Орал қаласындағы тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің таратқан ақпаратына сүйенсек, қызыл жалын Зашаған кентіндегі Талдысай көшесінде орналасқан үйде тұтанған. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін оқиға орнына екі арнайы техника мен 7 адам жұмылдырылыпты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.