Жұқпалы індеттің кесірінен қалалық емханалардың баршасы онлайн қызмет жасауға кірісті. Сала мамандары қазіргі таңда жазылу арқылы дәрігердің қабылдауы болмағанымен емхананың фильтр, рентген, зертхана мен науқастарға шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем қызметі қызмет жасайтынын айтады. Ал терапевт дәрігерлер бейнебайланыс арқылы науқаспен тілдесіп, ем-дом тағайындайды. Дәрілерді медбикелер апарып беруде.