Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дені саудың -жаны сау

c 16:08, 10/07/2020 c 687

0:00 / 0:00

Бірінші-байлық денсаулық. Осы мақал бүгінде өзінің өзектілігін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Әлем елдері коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан кезде барша адамзат иммундық жүйесін күшейтіп, ауырмайтын түрлі жолды іздестіруде. Тіпті түрлі тәжірибе жасап та жатыр. Осы уақытта өз өнімін ұсынып, денсаулыққа жақсы деген жалаумен дәрумендер мен бадтарды ұсынған компаниялар көп. Қазіргі таңда олардың бағасы шарықтап тұр. Қызыл-жасыл жарнамасы бар өнімді барлық отбасы сатып ала алмайтыны белгілі. Сонымен отбасылық бюждетке салмай салмайтын қандай әдіс бар?

Коронавирус пандемиясы күллі әлемге денсаулықтың маңызын тағы бір мәрте түсіндіргендей болды. Қолда бар алтынның бағасына жете бермейтін біз қазір осы иммундық жүйемізді қалай сақтап, оны баптау үшін ізденіп, ғаламторды қарап, түрлі кеңестерді ой елегінен өткізіп жатырмыз. Кейбірі індет дендеп барады деп, адам организміне зиян тигізуі мүмкін антибиотиктерді сатып алып, дәрігердің нұсқауынсыз қабылдауда. Қазіргі таңда қоғамды үрей билеген. Дәрігерлер иммунитетіңіз мықты болсын десеңіз, үрейленіп, уайымға салынудың қажеті жоқ,- дейді. Және жақсы көтеріңкі көңіл-күйді сақтағаныңыз абзал.

Денсаулықты шынықтырудың тағы бір жолы ол әрине сауалатты өмір салтын сақтану. Оралдық жастар осы пікірді ұстанады. Дені саудың-жаны сау деген қағиданы ұстанған жандардың бірі -Асхат Рамазанов. Ол күн сайын бірнеше шақырымды жүгіріп өтіп, спорттық жаттығуларды үнемі орындайды.

Дәрігерлер денім сау болсын десеңіз дұрыс тамақтануды ұстану қажет,- дейді. Әсіресе, ет, сүт пен түрлі дәрумендерге бай жеміс-жидек пен көкөністі тұтынуға кеңес береді.

Дәрумендер демекші азаматтар дәрумендерді қабылдамастан бұрын дәрігерлермен кеңесіп алғаны абзал. Біреуге пайдасын тигізген дәрумендер сізге пайдалы болмауы мүмкін. Ақ халатты жандар қазіргі коронавирус эпидемиясы кезінде С дәруменін алты сағат сайын қабылдауға кеңес береді.

Сурет ғаламтордан жүктелген.

 

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.