Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттен қолдау күтеді

c 16:40, 09/07/2020 c 502

0:00 / 0:00

Оралдағы жолаушы тасымалдаушы компаниялар дағдарыс кезінде шығынға шаш етектен баттық дейді. Өйткені карантиндік шаралар кезінде қоғамдық көліктер саны 50 пайызға азайып, жұмысшылар уақытша қызметтен алшақтатылған. Қиындыққа қарамастан дағдарыстан шығуға арналған шаралар жалғасуда. Мәселен, тасымалдаушы компанияға мемлекеттен бөлінетін демеу қаржы дер кезінде төленген. Әзірге 3 млрд. теңгенің 300 млн. теңгесі компания есепшотына түсіп, осынау қиын қыстау кезінде халықты тасымалдау бағытындағы шаралар тоқтатылмаған.Биыл «Оралтехсервис» ЖШС басшысы Александр Баклан қолданыстағы қоғамдық көліктерді жаңарта алмауымыз мүмкін дейді. Жағдай түсінікті. Соңғы жылдары жолақы көтерілген жоқ. Мемлекеттен берілетін жәрдемақының есебебінен 23 теңге болатын жолақы 80 теңгеден асқан жоқ. Ал көлік жүргізушілері болса күніне орындалауы тиіс жоспардың кейде 25 пайызын да атқара алмаймыз дейді. Естеріңізе сала кетеміз, ТЖ жарияланған кезде барлығы 200 қоғамдық көлік жолаушы тасымалына тартылған болса, карантиндік шектеулер аясында қоғамдық көліктер таңғы 7-ден кешкі 9 аралығында ғана жолға шығуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.