Күйеуін айуандықпен өлтірген Орал қаласының тұрғыны енді өмірінің 10 жылын тар қапаста өткізетін болады. Үкім БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2 шілдеде шықты.Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 20-сыншы қаңтары күні тіркелген.– 1983 жылы туылған облыс орталығының тұрғыны Әйгерім Есенжанова жұмысынан келгеннен соң отағасымен келіспей қалып, ерлі-зайыптының ортасында жанжал туындайды. Нәтижесінде ашуға булыққан әйел күйеуін соққыға жығып ас үй пышағымен сол жақ кеуде тұсынан соққы жасайды. Алған жарақатының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында бірнеше минуттан соң жан тапсырады. Сот медициналық сараптама анықтағандай, айыпталушының қан құрамынан алкогольдік өнімдерді тұтынғаны белгілі болды. Енді ол жазасын ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сай адам өлтіру фактісі бойынша қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады, – деді судья Ермаханов.Айыпты өз кінісін ішнәра мойындаған. Алайда, куәгерлер мен тергеу амалдары оның қанды әрекетін толықтай дәлелдеген.37 жасар оралдық әйелдің жазасы заңды күшіне енбеген. Оның істі қайда қару үшін арызы 14 күн ішінде абылданады.Отбасында кәмелетке толмаған қос қыз бала тәрбиеленген. Олардың алдағы тағдырын арнайы құрылған комиссия қарауда