2020 жылдың 6 айында оралдық 270 отбасының шаңырағы ортасына түскен. Сала мамандары 194 ерлі-зайыпты сот арқылы некесін бұзды, -дейді. Өткен жылы қаңтар мен бірінші шілде аралығында 659 жұп екіге айырылған. 576 отбасы сот арқылы ажырасқан. Сала мамандары қазіргі пандемияға байланысты барлық өтініштерді электронды түрде қабылдап жатқандығын айтады.