Тамыздың 17-сі мен 20-сы аралығында елімізде мектеп бітірушілер мен коллежд түлектері үшін тағы да ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Сынақ ақылы болады. Оның құны 2242 теңге. ҰБТ-ге қатысу үшін құжаттарды шілденің 25-сі мен тамыздың бірі аралығында тапсыру керек. Тест тапсырушылар үш категорияға бөлінеді. Яғни, биыл мектеп бітіріп, өткен ҰБТ-да шектік баллды жинай алмаған түлектер, өткен жылғы мектеп түлектері мен колледж түлектері. Бұрындары телефонмен немесе шпаргалкамен ұсталған түлектер биыл ҰБТ-ға қатыса алмайды деп айтылған еді. Енді оларға ақылы негізде жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік беріліп отыр.