0:00 / 0:00
Елде қауіпті індеттің таралуы күн сайын үдеп барады. Сәйкесінше, науқастар саны артып, дәріханаларда дене қызуын түсіретін парацетамолдың өзі жоқ болып кетті. Дәрі тапшылығын жою үшін денсаулық сақтау министрлігі қандай шара қолданып жатыр. Елдегі эпидемиологиялық ахуал қандай? Бұл сұрақтарға бүгін өткен онлайн брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Дюдмила Бюрабекова жауап берді. Енді министрлік Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен ауру белгілерісіз ауырған науқастардың статистикасын екіге бөлмейді. Елде өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Жалпы республика бойынша ауырғандар саны 41065 адамды құрап отыр.
13 мың 614 адам сауығып шықты. Індеттен қайтыс болғандар саны 188 құрап отыр.
Енді денсаулық сақату министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуал жайында күн сайын бір ауыздан ақпарат беріп отырады. Бұған дейінгідей әр аймақ өзі шығып мәлімет бермейді. Вице-министрге қойылған сұрақтар легі көп болды. Сұрақтарың дені дәріханалардағы дәрі тапшлығы мен оның асқақтап кеткен бағасына қатысты. Министрлік коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеу үшін 138,8 миллион теңгеге 59 дәрі түрі сатып алған. Ал көпшліік жаппай қабылдап жатқан, дәріханаларда жоқ болып кеткен "Ингавирин" препаратының 70 мың қаптамасы
"Тамифлю" дәрісінің 49 мың қаптамасын сатып алдық дейді вице-министр. Оның сөзіне сенсек, жақын күндері бұл дәрілер аймақтарға жолданады. Айта кету керек, бір апта бұрын құны 4500 теңгені құраған ингавирин дәрісі қазір 11 мың теңгеден сатылуда. Бюрабекова ханым, дәрі бағасын негізсіз көтергендер әкімшілік жазға тартылады дейді. Сондай-ақ, көпшілік таппай жүрген парацетамол, дене қызығуын өлшейтін құрал да дәріхана сөрелерінде жақын күндері пайда болмақ. Бірақ, енді дәрілерді жаппай сатып алу мүмкін болмайды. Министрлік шектеу қоямыз деп отыр.
Людмила Бюрабекова – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі «Өңірлерде әкімдіктер мен бөлшек дәрілер сату қауымдастығымен келісімге отырып жатыр. Келісігме сай препараттарды жіберу көлеміне шектеу қойылады. Брі қолға бір-екі қаптамадан ғана береілетін болады.Артық дәрі алып оны үйде ұсатудың қажеті жоқ. Оның сақтау мерзімі өтіп кетуі де мүмкін.Соңғы екі аптада адамдар тым көп дәрі сатып алған ».
Сондай-ақ, вице-министр Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктің ресми мәліметтері әртүрлі екенін мойындап отыр. Қауіпті індеттен өайтыс болғандар бойынша министрлік пен өңірлердің мәліметінде сәйкессіздік орын алып отыр. Мысалы, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша статистикада минстрлік төмендетіп көресткен.
Людмила Бюрабекова – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі "Расында да мұндай жағдай болды, себебі біз өлім жағдайлары талдау жөніндегі комиссияның өңірлік деңгейінен өткеннен кейін ғана жариялаймыз. Комиссия осындай хаттаманы ұсынғаннан кейін ғана біз осы өлім жағдайы тіркелгені туралы хабарлаймыз. Сондықтан өңірдегі деректер министрлікке қарағанда сәл жаңалау болуы мүмкін, өйткені біз ресми түрде өлім жағдайларын талдау нәтижелері келіп түскенін күтеміз".
Сондай-ақ,қоғамда қызу талқыланып жатқан ПТР теске қатысты да сұрақ қойылды. Осының алдында министр Алексей Цой үкімет 1,2 миллион ПТР-тестті сатып алуға 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлгенін айтқанды. Бір миллиард теңгені 1,2 миллион тестке бөлсе, бір тесттің өз бағасы 833 теңге болып шығады. Ал зертханаларда бір ПТР-тест үшін 11-20 мың теңгеге дейін сұрайды. Бюрабекова ханымның айтуынша, халық ПТР-тест үшін емес, тестілеу қызметі үшін төлейді. Соның ішне тестің өзі ғана емес, осы қызметті көрсетуге қажетті шығыс материалдары да кіреді. Оның ішінде 40-қа жуық зертханалық өнім бар.Және бұл бағаға зертхана қызметкерлерінің жалақысы да кіреді деді.