0:00 / 0:00
Марқұмдарды жерлеу кезінде барлық эпидемиологиялық шаралар ескеріледі. Осының бәрін санитарлық-эпидемиологиялық мамандар мен жергілікті билік өкілдері бірлесе отырып атқаруда. Ескере кететін жағдай бүгінге дейін ковид -19 вирусының салдарынан қаза болған жандарды бөлек жерлеген еді. Ал марқұмның денесі туыстарының қолына берілмей, арнайы мамандар ғана арнайы орынға барлық санитарлық талаптарды орындау арқылы жеткізген болатын. Облыс орталығынан бірнеше шақырым қашық жердегі бөлек орында жер қойнына тапсырлыған жандар осы індеттің тырнағына іліккендер. Облыстың бас дәрігерінің таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, олардың дені жастары егде тартқандар.Бүгіннен бастап "Короновирустан қайтыс болғандарды жерлеудің қолданыстағы тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық, эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, марқұмдарды кез келген зиратқа жерлеуге рұқсат етіледі", - деді министр онлайн брифингте. Цой елде короновирустың таралуы күн сайын өсіп жатқанын айтты.30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда шамамен 40 мыңға жуық адам індетке шалдыққан.