Арна тілшісі Ажар Хамитова "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыста бірінші орынды қанжығалады. Аталмыш байқау маусымның 3-інде басталған. Сайысқа оннан астам өтініш келіп түскен. Жұмыстардың баршасы тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жазылған материалдар. Байқаудың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа төтеп беріп, қоғам белсенділігін арттыру.