Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенімгерлік басқару сенімді ақтай ма?

c 09:18, 25/06/2020 c 566

Орал қаласында биыл үш нысан жекеге берілген. Ондағы мақсат қандай? Сенімгерлік басқаруға мемлекеттік мекемелерді неге береді және болашақтары қандай болып жатыр? Нысанды сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкерге қандай талап қойылады? Осы сұрақтарға арна тілшісі Жанат Көшкінбай жауап іздеп көрді.
БҚО бойынша сенімгерлік басқаруға берілген нысандар баршылық. Биылдың өзінде үш нысан сенімгерлік басқаруға өткен. Солардың бірі жастар стадионы. Жастар стадионын Сәуле Якияиева есімді кәсіпкер алған. Қазір жастар стадионында кәсіпкер өз жұмысын бастап кеткен. Алда бұл жерде күрделі жөндеу жүреді: электр желілері, құбыр желілері толығымен ауысады. Ойын ойнайтын алаң дұрысталады, заманауи орындықтар қою да көзделген. Осындай қаржыны талап ететін жұмыстарға қарамастан кәсіпкер елдегі қиын жағдайға байланысты балаларға тегін жаттығуға мүмкіндік беріп қойған.
Спорт нысандарын жекеге берудің өзіндік талаптары бар. Біріншіден, спорт нысандарында ешқандай жаттығулар тоқтамауы керек, жаттықтырушылар, спортшылар бұрынғы жүйемен жұмыс жасай береді. Кәсіпкер спорттық шараларды өткізуден бас тарта алмайды. Орал қаласындағы мұз айдыны да сенімгерлік басқаруға берілген нысандардың бірі. Бұл жерде кәсіпкерге қойылған талаптардың бірі- мұздың сапасын жақсарту. Шорт трекшілер сапалы, жұмсақ мұзда алаңсыз жаттығулары керек. Одан бөлек хоккей, коньки спортын дамытуға қолайлы жағдай жасауға міндеттелген. Мұз айдынын алған кәсіпкер 20 млн.дай инвестиция құюға міндеттелген.
Сенімгерлік басқаруға берілген нысандар үнемі сәтті бола бермейді. Кейде кәсіпкер өзіне жүктелген міндетті атқара алмайтын жағдайлар болады немесе келісімшарттағы тапсырмаларды жасамайды. Ондай кезде нысанды мемлекет кері қайтарып алады. Мысалы Орал қаласында "Ақжайық" волейбол клубы мемлекетке кері қайтарылған.
Орал қаласында жекеге берілген нысандар қатарында бұрынғы протез жасайтын шеберхана да бар. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, мынау бір керексіз нысан болып жатыр. Қаланың қақ ортасында көшенің сәнін кетіріп тұрған осы нысан тек жуырда ғана жекеге өтіпті. Енді бұл жерде БҚО бойынша бәсекелесі жоқ протез шығару шеберханасы іске қосылатын болады.
Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы сенімгерлік басқаруға беріледі деген-ді. Әзірге процесс тоқтап тұр. Бірақ саябақтың тағдыры толығымен шешілген жоқ.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.