0:00 / 0:00
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Əлеуметтік жағынан осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың экономикалық дербестігін қамтамасыз етіп, қиын жағдайға түскен азаматтарымызға одан шығар жол көрсету керек",- деген тапсырмасын іске асыру мақсатында Орал қаласында «Отбасы» орталығы ашылды.Отбасылық мəселелердің шешу жолдарын көрсетуге бағытталған орталық əр азаматымызға қажетті көмек ұсынуға дайын. Мекеме аз қамтылған отбасыларды, көпбалалы аналарды өз құқықтарын сауатты пайдалануға бағыттай отырып, өздеріне тиесілі əлеуметтік көмектерді толық алуына жан-жақты көмектеспек екен. Қажетті құрал-жабдықпен қамтылған нысан Орал қаласының ғана емес, өңіріміздің аудандарынан келген нəзік жандыларға да қажетті көмек көрсететін болады.Мұнда еңбек нарығына қажетті мамандықтарды игеруге жəржемдесу, сондай-ақ нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие аламын деген жандарға да кеңес берілмек. Сондай жандардың компьютерлік сауатын арттыруға да орталық жəрдемдеседі,- дейді орталық директоры Талшынай Орынбекқызы.Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының жанынан құрылған мекемеде психолог, əлеуметтік қызметкер, түрлі тренингтер мен шеберлік сағаттарын ұйымдастыратын əдіскерлер жұмыс жасайды. Сондай-ақ балалар бөлмесі де қарастырылған. Нысан ішін аралап, əр маманмен жəне келушілермен тілдескен қала əкімі Абат Шыныбеков «Отбасы» орталығының жұмысына сəттілік тіледі.