0:00 / 0:00
Оралдық оқушылар жазғы каникул кезінде ата-анасының рұқсатымен жұмысқа кіріскен. Қазіргі таңда жасөспірімдер өздері білім алатын мектептің ауласында еңбектенуде. Мәселен, №19 мектепте 28 оқушы ресми түрде жұмысқа орналасыпты.
Биыл жазда №19 мектептің 30-ға тарта оқушысы жұмыс жасап, бос уақыттарын тиімді өткізбек. Осы мектептің оқушылары сияқты жүздеген жасөспірім еңбекке араласып жатыр. Сала мамандары ата-анасының рұқсатымен оларды жұмысқа қабылдаған. Педагогтар оқушылар күніне 4 сағат жұмыс жасайды. Күнде таңертең медбике әрбір баланың дене қызуын өлшейді. Қазіргі жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталуда,- дейді.
Биыл жазда өз еркімен жұмыс жасаймын деп шешім қабылдағандардың бірі -Алина есімді бұрымды. Ол екі жұмадан бері жұмыс жасап жатыр. Қыз бала еңбекке араласа отырып, жауапкершілік алуды үйрендім,- дейді.
Мектеп басшылығы келесі айда тағы да отыз баланы жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.