0:00 / 0:00
Күні кеше еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып, елорданың жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Біртановпен бірге Жамбыл өңіріне іс сапарда болған пермьер-министр Асқар Мамин, білім министрі Асхат Аймағамбетов және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтар коронавиурске тест тапсырып, оларда нәтижесі теріс деп шықты. Қазір үшеуі де оқшауланып, қашықтықта жұмыс істеп жатыр.
Әлемді жалмаған коронавирус ел ішінде кең тарауда. Соңғы мәлімет бойынша қауіпті індетті жұқтырғандардың жалпы саны 15 мыңға жуықтады. Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында COVID-19 вирусын жұқтырушылар көп тіркелді. Жазылып шыққандар 9 мыңнан асады. Өкінішке орай қайтыс болғандар саны 77 –ге жетті.
Аты жаман аурудың қауіпін мойындамай жүргендер де жоқ емес өкінішке орай. Коронавиурс жұқтырғандардың жалпы саны 15 мыңға жуықтап қалды. Әрине емделіп шығып жатқандар саны да артуда. 9 мыңнан аса адам сауығып шықты. Дегенмен күн сайын жүздеген адам қауіпті індетті жұқтырды деген статистика алаңдатады. COVID-19 вирусы Парламентке жеткен болса, енді министрлер кабинеті жұқтырып жатыр. Жексенбі күні еліміздің бас дәрігері Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны мәлім болды. Министр бірден елордадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Еске сала кетейік, өткен апта соңында Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған топ Жамбыл облысына іс сапармен барған болатын. Олардың арасында денсаулық сақтау министрі Біртанов та болған еді. Енді министрден қауіпті індет анықталып отырғандықтан, қасында болғандар коронавиурске тест тапсырды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр ПТР тестілеуден өтіп, нәтижесі теріс болып шықты. Қазір Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулап, бейнебайланыс арқылы кестеге сай жұмысын жалғастыруда. Сондай-ақ, Жамбыл өңіріне білім министрі Асхат Аймағамбетов те барғанды. Фотода ол Біртановтың қасында жүргенін көруге болады. Аймағамбетов те қауіпті індетке тест тапысырып, нәтижесі теріс болып шықты. Ол да оқшауланып, қашықтықта жұмыс істеуге көшті. Сондай-ақ, елордадан келген шенеуніктерді қарсы алған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа да коронавирусқа тест тапсыруға тура келді. Оның да нәтижесі теріс деп көрсетті. Әкім де оқшауланып, видеобайланыс арқылы жұмысын жалғастыруда. Вирустың таралуы өршіп жатқан өңірлер карантин шараларын қатаңдатып жатыр. Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығымен, бүгіннен бастап Көкшетау қаласының кіреберістеріне блок бекеттер қайта қойылды. Жалпы қала аумағы бойынша жеті блок бекет орнатылды. Ал елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік парақшасында қала тұрғындарына қонаққа барудан және отбасылық іс-шараларға қатысудан бас тарта тұруға кеңес берді.
Әкім елордалықтар санитарлық норманы сақтанбаса, карантиннің қатаң шараларын енгізуіміз мүмкін деп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 вирусын жұқтырушылар көп тіркеліп отырғандықтан, кинотеатрлар, сауда ойын- сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі ойын орталықтары, балабақшалар ашылмайтын болды. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны бойынша Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары да көш бастап тұр.