Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экологияны қорғай алмай отырмыз

c 01:09, 11/06/2020 c 692

0:00 / 0:00

Еліміздің бас экологы қоршаған оратну қорғауға қатысты қоғамның пікіріне құлақ аспақ. Бүгін министр болғалы бірінші рет халық алдында онлайн есеп берген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм  Мырзағалиев халыққа газ бен көмірді тұтынудың ерекшелігін түсіндіріп әлек болды. Министр жаңа Экологиялық кодекс қоршаған ортаны қорғауға үлкен себін тиігзеді дейді. Ал ауаны ластап отырған ірі кәсіпорындарға салынатын айыппұл 10 есеге артады.

Мәтін. Ауаны ластап отырған улы қалдықтар көлемі жыл сайын артып жатыр. Бір жылда ірі өнеркәсіптерден  2,5 млн тонна улы зат тасталады. Министрдің мәліметінше, өткен жылы экологиялық мониторингтің нәтижесінде Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен қалалары атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейін көрсеткен. Атмосфераға орасан зиян келтіріп отырған өңірлер қатарын  ірі өндіріс дамыған Пауладар мен Қарағанды бастап тұр. Жылу беру стансаларынан тараған улы заттан келетін зиян көп. Қазақстанда әрбір 21 мұржаға 1 сүзгіден келеді. Бұл орайда көмір жағып отырған стансалардан бас тартып, газды ғана тұтыну оңай емес. Себебі, газ қымбат.

Мағзұм Мырзағалиев – Қр экология, геология және табиғи ресурстар министрі; «Екі жолын айтайық. Біріншісі газды қолдану. Екіншісі көмір жағуды жалғастыру. Осы орайды тиімді тазалау жүйесін енгізу керек. Газды қолдану өте тиімді. Себебі, газ ешбір қалдықсыз жанып кетеді. Қалдықтар нөл. Алайда, тариф құнына әсер етеді. Газ өте қымбат. Ал көмірді пайдалануда тазалау құрылымдары қойылуы керек».

Есеп беру барысында, жаңадан әзірленіп жатқан Экологиялық кодексті кейінге қалдыру туралы қауесет тарап жатқаны айтылды. Бас эколог бұл мүмкін емес деді. Ал Экологиялық кодексте қоршаған ортаны ластап отырған ірі кәсіпорындарға фильтр қоюға 10 жыл уақыт беретін норма бар. Бұл тым ұзақ уақыт емес пе? Жыл сайын млрд доллар пайда тауып отырған кәсіпорындарға мұндай жеңілдік жасаудың  қажеттілігі қанша?

Мағзұм Мырзағалиев – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі; «Иә, өкінішке орай біз көмір жағуды жалғасытар береміз.Бірақ көмірдің тарифы арзандау. Сондықтан бұл мәселенің екі жағы бар. Бұл орайда тұрғындар өздері шешім қабылдауы керек. Қайсысы  тиімді. Сондықтан біз экологиялық кодекс бойынша  қоғамның пікірін айтуға мүмкіндік беріп отырмыз».

Үнемі жел тұратын елораданың өзі қыс кезінде мұржалардан тараған түтінге тұншығып жатады. Ластанған ауа адам денасулығына зиян келтурде. Аллергияға шалдыққандар саны артуда. Ал су қоймаларына  ағызылып жатқан кәсіпорындардың улы қалдықтарынан  өзен-көлдің балықтары қырылуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.