0:00 / 0:00
2020 жылдың бес айында төтеншеліктер 873 адамның қоңырауын қабылдапты. Сала мамандары 87 адамның өмірін ажалдан құтқарған. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің басшысы мәлімдеді.
Төтеншеліктер адам өмірін су мен өрттің зардабынан сақтап қана қоймай, түрлі авариялық құтқару жұмыстарында еңбектенеді. Яғни, мамандар адам өмірін түрлі кеселден арашалайды. Төтенше жағдай департаменті бастығы келтірген дерекке сүйенсек, мамандар биылғы жылдың бес айында 873 шақыртуды қабылдапты. Авариялық-құтқару жұмысы бойынша 154 қоңырау соғылған.
Сондай-ақ, құтқарушылар есіктің құлпын ұмытып немесе жоғалтып алған жандарға яғни, денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған адамдарға қол ұшын созып жатады. 2020 жылы мамандардың көмегімен 91 есік ашылыпты.
Сала мамандары соңғы уақытта жедел сатылардың істен шығуы жиілеп кеткендігін айтады. Биыл істен шыққан лифтілердің ішінде қалып қойдық деп қабылданған қоңыраулар бойынша 10 адам құтқарылған.