Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс барысымен танысты

c 17:54, 03/06/2020 c 508

0:00 / 0:00

Қаламыздағы мұнай базасы ауданында көпір салу жұмыстары 2018 жылдың 1 қарашасында басталды. Автокөлік өткелін қайта құруға КПО б.в компаниясы есебінен 5,2 млрд теңге бөлінген. Жобалық-сметалық құжаттама бойынша жөндеу 36 айға жоспарланғанымен, бас мердігер "КА-строй ЛТД" құрылыс-монтаж жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлауда. Шаһар шырайын келтірер көпірдің ұзындығы кіреберістермен қоса алғанда 988 метрді құрайды. Жобаға сәйкес көпірдің ені - 20 м, жолақтар саны екіден төртке дейін артады. Өткел бойына жарық бағандарын орнату қарастырылған. Қазіргі уақытта ұсақ түйіршікті асфальт төсеу, кіреберістерде карниз блоктарын орнату, тосқауыл қоршауларын әкелу жұмыстары жүргізілуде. Көпір конструкциясын гидро оқшаулау жұмыстары аяқталып, қиыршық тас негізін орнату бойынша жұмыстар орындалды. Көпір жөндеу жұмысы барысымен танысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев жиектастардың сапасына мән беру қажеттігін атап өтті. Өзіне ватсап желісі арқылы жиектас сапасына шағымданған тұрғындардың наразылығын тілге тиек еткен аймақ басшысы өңірімізде өндірілетін осы өнімнің сапасын тексеруді ұмытпады. «Жол активтері» ұлттық сапа орталығы өкілінің айтуынша, сынамаларды іріктеу кезінде 300 дананың тек 61-і ғана талапқа сәйкес келген. Ғали Есқалиев көпірдегі жиектастардың сапасын толық тексеріп, бар кемшілікті тез арада жоюға тапсырма берді. Келесі назарға іліккен нысан магистральды коллектор құрылысы болды. Бұдан он жылдан аса уақыт бұрын салынған магистралды коллектордың бір бөлігі бірнеше мәрте істен шыққаны белгілі. Бұл нысанның жұмысы 7 ай ішінде аяқталуы тиіс. Ал құрылыс наурыз айында басталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.