Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кедергісіз келешек

c 17:00, 02/06/2020 c 541

0:00 / 0:00

Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадірі, шамасы жеткенше жақсылық жасайды. Ең бастысы, шын ниетімен, адал пейілімен жасалса болғаны. Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуында. Жалпы, өңірде 24 мың мүгедек жан тіркелсе, соның 11-мыңы балалар екен. Шаһарымызда жүрегінде мейірімі бар жандар бір күндік жалақысын жинап «бесіктен белі шықпай жатып» тағдырдың зарын тартқан бүлдіршіндерге жанашыр болып, арнайы мүгедек арбаларды таратты. Барлығы 8 миллион теңгеге 90 арнайы вертикализатор алынды. Бұл бастамаға облыс әкімі Ғали Есқалиев мұрындық болып отыр.
«Ке­дер­гісіз келешек» жоба­сының негізгі мін­деті – мүмкіндігі шектеулі қазақ­стандықтардың өмір сапасын жақсарту. Осы тұста Ғали Есқалиев өңірдегі сал ауруы бар бүлдіршіндерді 100 пайыз арнайы вертикализатормен қамтуды тапсырған. Сол тапсырма жүзеге асуда. Вертикализатор сал ауруы бар балаларға ұзақ отыруға, сүйектің дұрыс жетілуі үшін денесін тік ұстауға көмектеседі.
Осындай ілкімді істер жалғасын табады. Өйткені жақсылық жасау- өзгеге көмек беруге жаны құштар адамдар үшін – тым қиын емес.

Автор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.