Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Дом права" адвокаттық кеңсесінде акция өтті

c 17:32, 25/05/2020 c 852

0:00 / 0:00

"Дом права" адвокаттық кеңсесі оралдықтарға тегін құқықтық көмек көрсетті. Мамандар заң саласы, құқықтық және әкімшілік сауалдар бойынша азаматтардың сұрақтарына берген еді. Аталмыш мекеме биыл қаңтарда өз жұмысын бастапты. Адвокаттар кеңсесінде білікті он маман оралдықтар мен қазақстандықтардың құқығын заң аясында қорғауға дайын.

"Дом права" адвокаттық кеңсесі заңгерлік кеңселердің арасында тұңғыш рет
азаматтарды толғандырған сауалдарына жауап беру үшін арнайы акция ұйымдастырды. Аталмыш акция барысында оралдықтар мен қала қонақтары кез-келген заң аясында толғандырған сауалдарын жолдап, тегін кеңес алуға мүмкіндік алды. Мамандарға келген оралдықтардың қарасы қалың. "Дом права" адвокаттық кеңсесінде білікті, көп жылдан бері заң саласында қызмет жасайтын тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар азаматтардың құқығын заң аясында қорғауға дайын. Осы мекеменің көмегіне жүгініп, заңды көмек алған жандар көп. Ал алғаш рет азаматтарға арналған арнайы акция әр ай сайын өз жалғасын таппақ.

Заң тұрғысынынан қандай да бір мәселе немесе түсінбеген сауалдарының болса, "Дом праваның" адвокаттары көмектесуге дайын. Мамандарға Орал қаласы Мәжит Жүнісов көшесі 114 мекенжайында жолығуға болады.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.