0:00 / 0:00
Орал қаласында балабақшалар қызметін қайтадан тоқтатты. Балабақша қызметкерлерінің арасында жұқпалы індетті жұқтырған адам анықталып отыр. 20-шы мамырда мектепке дейінгі мекемелер өз жұмысына кірісіп, жұмыстануын жалғастырған еді.
Елена Черемисова -Диманың анасы. Оның ұлы жақында 4 жасқа толады. Бүлдіршін бірнеше айдан бері үйде отыр. Жас ана ұлының балабақшаны сағынғанын айтады.
Жақында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты шаһар басшысы алаңдаушылығын білдірген еді. Орал қаласының әкімі тоғыз балада ковид-19 кеселі анықталғанын атап өтті. Балабақшалардың қызметін тоқтату туралы шешім облыстық шұғыл штабтың отырысында қабылданған. Бұл шешім- азаматтардың қауіпсіздігі үшін енгізіліп отырған шара.
Егер кеселдің таралуы 2 пайыз болса ғана, карантин талаптары бәсеңдейді. Егер бұл көрсеткіштер 7 пайыздан көп болса, карантин талаптары күшейтілмек.
Қазіргі таңда БҚО-да коронавирус індетін жұқтырған науқастардың саны 400-ден асып жығылады. Бір тәуліктің ішінде тағы 28 науқастың сырқаттанғаны анықталып отыр.