0:00 / 0:00
Биыл 2020 жылы қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау онлайн түрде соғылды. Республиканың барлық аймағында министрлік бекіткен нұсқаулыққа сәйкес 1-10 сынып аралығында тәрбие сағаты ғаламтор желісінде өтті.
Биыл әлемдік пандемияға байланысты оқушылар мен студеттер сәуірден бастап қашықтан білім алу форматына көшті. 25-ші мамырда 1-10 сынып оқушылары үшін "Соңғы қоңырау" онлайн форматта өтіп, оқу жылы қорытындыланды. Оралдық Шынар Балешова есімді педагог осы оқу жылында мектеп табылдырығын аттаған 1- сынып оқушылары мен ата-аналарымен бірге оқу жылын қорытындылап, соңғы тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Педагогтар биылғы пандемияға байланысты шәкірттеріне білім беруін жалғастырып, түрлі платформаны меңгеріп, баланы қашықтан отырып, оқытқан еді.
Сондай-ақ, оралдық педагогтар көпқабатты үйлердің ауларына барып, оқу жылындағы соңғы қоңырауды сыңғырлата соқты.
Жалпы БҚО-да биылғы оқу жылын 108 мың астам оқушы аяқтады. 5142 оқушы мектеп түлегі атанып, түлектердің 362-сі "Алтын белгіге" және 223 оқушы "Үздік аттестатқа" ие болды.