0:00 / 0:00
Әлемді тұсаулап тастаған COVID-19 инфекциясының таралуы біздің елде де саябырсымай отыр. Қазақстанда соңғы аптада коронавируспен сырқаттану деңгейі 15 пайызға артып кетті. Бұл жайында бүгін өткен онлайн брифингте мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова хабарлады. Бас санитардың айтуынша, карантин шаралары жеңілдетілген соң,адамдар сақтық шараларын сақтауды қойды. Көпшілік жерге бармау, қонақ шақырмау, қоғамдық көліктерде бетперде киіп, санитарлық норманы сақтау талаптары жайын қалды.Бас санитар сақтанған жағдайда ғана, бұл індетті жеңеміз дегенін тағы қайталады.
Жер жаһанда коронавирустық инфекция бойынша сырқаттану жағдайы әлі де тұрақсыз. Ауырғандардың саны күн сайын өсуде. Қазір әлемде барлығы 5 миллионға жуық адам ауырып, оның ішінде 324 мың адам қайтыс болды. Ал Қазақстанда жеті мыңға жуық жағдай тіркеліп отыр. Дегенмен, күнделікті індеттен сауығып шыққандарды да саны артып келеді. 3 мың 700-ге жуық адам емделіп шықты. Бұл ауырғандардың 50 пайызын құрайды. Бас санитар соңғы аптада қауіпті індетті жұқтырағндар саны 15 пайызға өсіп кетті деп дабыл қағады.
Айжан Есмағамбетова –ҚР мемлекеттік санитарлық дәрігері; «Соңғы апта ішінде елімізде қауіпті індетті жұқтыру өсімі 15 пайызға жетіп отыр. Бұл ең алдымен коронавирус инфекциясына тест өткізу көлемінің артуымен байланысты. Коронавирус инфекциясы тіркелген сәттен бері бүгінгі күнге дейін 559 мыңнан астам тест жасалды. Өкінішке орай, вирусты ұжымдық жұқтыру артып отыр. Кәсіпорындарда санитарлық норма сақталмайды. Ауызашарға барып, жұқтырған деректер де тіркелді».
Бас санитардың айтуынша, карантин шаралары жеңілдетілген соң,адамдар сақтық шараларын сақтауды қойды. Көпшілік жерге бармау, қонақ шақырмау, қоғамдық көліктерде бетперде киіп жүру, ұжымдық жұмыста санитарлық норманы сақтау талаптары жайына қалды.Есмағамбетованың болжауынша, күзде коронавирустың таралуының екінші толқыны болады.
Ал маусымның бірінен бастап, елімізде теміржол қатынасы қайта жанданбақ. Жолаушылар тасымалдаушы компаниялар ендігі поездардың вагондарын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, төсек-орындарды жуып дайындықты күшейтіп жатыр. Жолаушыларға қойылатын талап та бар.
Алайда, төрт адамдық купе ішінде бір метр алшақтықты сақтау мүмкін емес. Бетперде киіп ғана сақтануға тура келеді. Тек вагон ішінде ары-бері жүруге тиым салынады.