Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана кімге бұйырады?

c 11:00, 20/05/2020 c 467

 

Президенттің тапсырмасымен үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарға қолжетімді баспана бағдарламасын әзірлеу тапсырылғанды. Бүгін үкіметтің онлайн отырысында Индустрия министрі  отбасының әр мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыстың мөлшері 3 күнкөріс шегінен аспаса, онда олар "5-10-20" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады деп мәлімдеді.  Ал күн көріс шегі 31 мың теңгеден аспайтындар тек жалдамалы пәтерге ғана үмітті бола алады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  11 мамырдағы Мемлекеттік комиссия отырысында Үкіметке «Отбасы банк» ұлттық институтын құруды тапсырғанды. Осылайша, баспана арман болған жандарға мүмкіндік беру көзделген. Бүгін өткен үкіметтің онлайн отырысында Индустрия министрі Бейбіт Атамқұлов қолжетімді баспана кімдерге берілетінін тізіп шықты. Министр бұл орайда азаматтардың санатына емес, табысына қараймыз деп отыр. Яғни табысың төмен болса, арендалық баспанаға қанағат тұтуға тура келеді.

Бейбіт Атамқұлов – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрі; «Мұндағы басты идея- үйі жоқ  әр қазақстандық осы орталыққа келіп өтініш қалдыра алады.Өзінің табысына сәйкес, қолжетімді баспана ала алады. Азаматтар санаты бойынша емес, табысы бойынша таңдау жасалады. Біріншісі, айлығы төмен адамдар. Егер отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегі немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда арендалық пәтер ұсынылады. Ал әр отбасы мүшесіне санағанда табысы 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңге болса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2%-пен ипотека беріледі. Әр отбасы мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегін, 96 мың 700 теңгені құраса, баспана жаңа "5-10-20" бағдарламасы бойынша ұсынылады. Ал кірісі әр отбасы мүшесіне санағанда үш және одан жоғары күнкөріс шегінен асса, онда екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасына қатысып, баспаналы бола алады».

Сондай-ақ үкіметтегілер кәсіпкерлерді де қарық қылдармыз деп отыр. Бүгінгі күні әлемдік экономикалық дағдарысқа ұшырап 4 пайызға, жаһандық сауда 32 пайызға қысқарды. Қара алтынның құны 50 пайызға құлдырап, металл бағасы да 16 пайызға арзандап кетті. Бұл орайда ел экономииасының дамуына үлес қосатын шағын бизнесті қолдау қажеттілігі туындап отыр. Үкімет  микро және шағын бизнеске 6 пайыз мөлшерлемемен несие бермек. Пандемия барысында табысынан айырылып, дағдарысқа тап болып жатқан  шағын және орта бизнесті қолдау үшін  "Бизнестің жол картасы–2025" бағдарламасына "осындай жаңалық енгізілді.

Руслан Дәленов –ҚР ұлттық экономика министрі; "Субсидиялау есебінен қаржыландыру қолжетімді болады. Мөлшерлеме 6 проценттен аспайды. Несие айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін және өндірістік мақсаттарға 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді".

Сонымен қатар, банктер мен микроқаржы ұйымдарының кредиті бойынша төлем мерзімі ұзартылатын салалардың тізбесі кеңейтілді. Шағын және орта бизнес салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылып,  оның мерзімі ұзартылды.  Қауіпті дерттің таралуынан жұмысы тұралап қалған шағын бизнеске қайта аяқтан тұру керек. Онсыз да қымбат несие алып, тапқан табысы банктер алдындағы қарызын өтеуге кетіп жатқан кәсіпкерлер үшін бұл 6 пайыздық несие жыртығын жамауға жетер деген үміттеміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.