Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалғыздық азабы

c 17:19, 19/05/2020 c 599

0:00 / 0:00

Бүгін әлеуметтік бейімдеу орталығы тағы бір адаммен толықты. Қос аяғынан айрылған Александр Камша арнамыздың түсірілімінен соң арнайы орталыққа орналастырылды. Ал 69 жасар мүгедек «Телецентр» аумағындағы саяжайдағы танысының қасында тұрып жатқан болатын.Өздеріңіз байқағандай Александр Камша паналап жатқан бұл орын тұрғынжай деуге келмейді. Жылу мен жарықтың жоқтығын айтпағанда бұл жерде түнеудің өзі мүмкін емес. Амалдың жоқтығынан өлместің күнін кешіп жатқан бейбақ туралы көршілері редакциямызға хабарласып көмек сұраған болатын. Өйткені танысын паналап жатқан мүгедек осыдан бірнеше күн бұрын Бәйтерек орталық аудандық ауруханасының медбикелік күтімі бөлімінен  келген. Көршілерінің айтуынша Александр Камшаның Ресейде туған қызы тұрады. Бірақ ол әкесінен бас тартқан. Ол екі мәрте кісі өлтіргені үшін 28 жыл бас бостандығынан айрылған көрінеді. Бәйтерек орталық аудандық ауруханасының медбикелік күтімі бөлімінен алькогольдік өнімдерді тұтынғаны үшін шеттеліпті.
Мәселенің мән-жайын білмек мақсатта Бәйтерек ауданына, облыстық денсаулық басқармасына және жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарластық. Олар аталған азамат туралы мәлемет түскен бойда әрекетке көшті.
Әлеуметтік бейімдеу орталығының тұрақты бөлімі 60 адамға арналған. Оларға заңгерлік, дәрігерлік және психологиялық көмек көрсету, құжаттарын реттеу, зейнетақы тағайындау, жұмысқа орналастыру секілді көмек көрсетіледі. Бұған қоса 40 адамға арналған түнемелік орынға күн сайын кешкі 18.00.-ден таңғы 10.00.-ға дейін қонып кету үшін қаладағы қаңғыбас-кезбелер жиналады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.