5G желісін қалай іске қосып, оны қайтсек бірінші болып пайдаланамыз деп ойланып жатқан кезде, БҚО-ның 130-ға жуық ауылына әлі интернет бармапты. Ауыл тұрғындары 5G түгілі қарапайым ғаламтордың шарапатын көрмей отыр. Жалпы БҚО-да 430-дан астам елді-мекен бар. Оның 300-іне кабельдік, байланыс және спутниктің байланыс бойынша ғаламтор барған. 2018 жыл үкімет ауылдық ағайынға интернет тарту үшін арнайы жоба қабылдаған еді. Сол жобаның аясында облыстың 92 елді-мекеніне ғаламтор бармақ. Екі жылдың ішінде 61 ауылға талшықты-оптикалық байланыс жеткен. Биыл 31 ауылға көптен күткен интернет бармақ. Сонымен қоса, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын бойынша 250 тұрғыны бар ауылдық жерлерге 3G-4G технологиялар мен мобильді интернет бармақ.
Сурет ғаламтордан жүктелді