Қауіпті кеселдің еліміздің аумағында таралмасы үшін әрбір өңірде карантин жалғасқанымен шектеулер біртіндеп алынуда. Көптеген өндіріс ошақтары іске қосылып, бизнес субъектілері өз жұмыстарын бастады. Карантиндік шектеулер діни мекемелердің жұмыс кестесіне де өзгерістер енгізді. Қазіргі таңда мешіттерде тауарих намазы жамағатпен бірге оқылмай келеді. Сала мамандары сақтық және санитарлық шараларды сақтай отырып, жұмысты жалғастырып жатқандығын айтады. Құран оқуға, некесін қидыртуға келген жандар әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде мен қолғапты киюі шарт. БҚО бойынша өкіл имам Мұратбек Қыстаубаев қадыр түніне қатысты түсініктеме беріп өтті. Жылда жамағат қасиетті түнді мешіттерде қарсылап, түнімен дұға тілейтін еді. Қазіргі жағдайға байланысты қадыр түнін әрбір мұсылман үйінде өткізіп, құлшылық қылуы керек. Биыл Қадыр түні мамырдың 19-нан 20-сына қараған түні деп белгіленді.