Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин 25-мамырға дейін жалғасады

c 15:50, 12/05/2020 c 592

0:00 / 0:00

Мамырдың 11-інде еліміздің аумағында төтенше жағдай аяқталды. Коронавирус инфекциясының облыс аумағында таралуына байланысты БҚО-да карантин талаптары 25-ші мамырға дейін жалғаспақ. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтары, базарлар мен азық-түліктен өзге тауарларды саудалайтын дүкендер, шаштараздар өз жұмысын бастады. 12-шы мамырдағы жағдайға байланысты облыс көлемінде ковид-19 кеселін 255 адам жұқтырғаны анықталған. Мамандар сырқаттың 80 пайызы сырттан келген,- дейді.

Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек, 12-мамырда БҚО ковид-19 кеселінің 255 жағдайы тіркелген. Індетті жұқтырған науқастардың 80 пайызы сырттан келгендер. Көбіне вирусты жұқтырған науқастардың көбі көрші Ресей мен "Тенгиз" кені орталығында жұмыс жасайтындар. Қазіргі таңда 148 науқас ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

11- мамырда еліміздің аумағында төтенше жағдай аяқталды. Бірақ жұқпалы індеттің таралуына байланысты БҚО-да карантин талаптары 25-ші мамырға дейін сақталмақ. Қазіргі таңда базарлар мен түрлі мекемелер өз жұмысын бастады. Мамандар көшеде серуендеуге болады, кешкі тоғыздан кейін көшеге шығуға болмайды деген тыйым алынып тасталғанын айтады.

Індеттің таралу деңгейіне байланысты өңірдегі карантин талаптары 3 сатыда алынбақ.

Сурет ғаламтордан жүктелген.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.