0:00 / 0:00
Оңтүстік халқы тасқын судың зардабын шегуде. Өздеріңізгемәлім, 1 мамырда қамсыз жатқан Түркістан облысының халқы көрші Өзбекстанан келген үлкен судың астында қалды. Мамырдың бірі күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Осыған орай Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің жарылуынан Түркістан облысында 14 елді мекеннен 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Он шақты ауыл суда қалды. Тағы жеті елді мекенде су басу қаупі әлі жоғары. Бұл жайында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін өткен үкіметтің онлайн отырысында мәлімдеді.
Көршіден келген қауіп Түркістандықтардың қалыпты өмірін астан-кестен қылды. Өзбекстандағы су қоймасы бөгеті жарылып, еліміздің оңтүстік өңірін сау басты. Түркістан облысында 14 елді мекенге қауіп төнгендіктен, 31 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бес күннен бері сумен әлек болып жатқан түркістандықтар бар малынан, үйінен, мақта алқабынан,егістігінен бір мезетте айырылды. Әкімнің дерегінше, өңірде 7 мың 639 гектар егістік алқабын су шайып кетті. Су келген ауылдардың ішінде 6 мыңнан аса тұрғыны бар бес елді мекенді су толығымен басып кетті. Судан көп зардап шеккен Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық елді мекендері болып отыр. Мұнымен қоса тағы жеті елді мекенді су басу қаупі бар. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөккевтің мәлімдеуінше, шығын көзі есептеліп жатыр. Әкім тасқын судан зардап шеккендерге үікметтен көмек сұрады.
Өз кезегінде премьер-министр Түркістан өңіріндегі баспанасыз, мал-мүлкісіз қалған азаматтарға қолдау жасалатынын айтты.
Үкімет отрысында мәлім болғандай, көрші ел Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы барлық коллекторды тазалауға көмектесетін болыпты.Бұл ауданнан суды тезірек шығару үшін жасалады. Аталмыш ауданның оннан аса ауылы суда қалды.
Айта кету керек, Өзбекстан тарапы алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткенді. Экология министрлігінің мәлімдеуінше, трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек. Ал көршіміз осы әрекетімен Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған болып отыр. Осыған орай Қазақстан жағы Өзбекстанға нота жолдамақшы болған еді. Енді сыртқы істер министрлігі, нота жолданбайтын болды деп хабарлап отыр. Осылайша көршіге өкпемізді ушықтырмайтын болдық. Себебі, екі ел Президенттері телефонмен хабарласып, үкіметтеріміз өзара бұл мәселені шешетін болыпты.