Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыс-түйіс

c 11:37, 05/05/2020 c 558

0:00 / 0:00

Елде соңғы бір жарым айда  басты жаңалыққа айналған COVID-19 жұқпалы инфекциясы екінші орында қалды. Қазақстан билігінде айтарлықтай ауыс-түйіс орын алуда. Басты жаңалық- мереке күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Дәриға Назарбаеваның өкілеттілігін тоқтатуы болды. Сөйтіп, Назарбаева Сенаттағы жоғары лауазымынан кетті. Ал аптаның бірінші күні мемлекет басшысы көпке созбай, Сенат төрағалығына Мәулен Әшімбаевты тағайындады. Бұдан басқа да  бірқатар тағайындаулар орын алды. Ақордадағы ауыс-түйіс жайында Әселім Қалкен баяндайды.

Карантин талабын сақтап, мамырдағы мерекелердің басын үйде қарсы алып жатқан қазақстандықтар үшін тосын сый орын алды. Ақорда биліктегі электоратқа өзгеріс жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Дәриға Назарбаеваның өкілеттілігін тоқтатып тастады. Назарбаева сенат төрағасы лауазымында бір жыл отырды. Әрине, тұңғыш перзиденттің қызы Дәриға Назарбаеваны  осыншалықты жоғары лауазымнан ысыру қоғам үшін күтпеген жағдай болды. Ақорданың бұл шешіміне не себеп болды? Енді Дәриға Назарбаеваның тағдыры не болмақ деген сұраққа әзірге нақты жауап жоқ. Мемлекет басшысы тек Назарбаеваға атқарған қызметі үшін алғысын жариялады. Ал ел саясаттанушылары өз болжамдарында  нақты пікір айта алмауда. Сарапшылар,елдегі екінші адам міндетін атқарып келген Дариға Назарбаева "Nur Otan" партиясының басшылығына келуі немесе вице-премьер ретінде үкіметке оралуы ықтимал деген ойларын да айтуда. Әзірге экс-спикердің мәселесі ашық түрде қалып отыр. Ал Сенат төрағалығына Ақорда Мәулен Әшімбаев ты тағайындады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін  президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Мәулен Әшімбаев енді  Парламенттің жоғарғы палатасын тізгіндеді. Су жаңа спикерді сенаторларға Президенті өзі келіп таныстырды.

Әшімбаев бұған дейін бірқатар беделді қызметтерді атқарып келді. Соңғыларын еске салсақ, Парламент мәжілісінің депутаты, Nur Otan" партиясының басшысының орынбасары қызметте болып, өткен жылдың соңында ғана Президент әкімшілігіне барғанды. Енді міне жоғарғы палатаны басқарады.

Саясаттанушы Саиров,  саяси менеджменттің сапасын арттыруда Әшімбаевтың кандидатурасы  ұтымды болды дейді.

Жалпы ел аты жаман дерттпен күресіп жатқанда, экономикалық дағдарыс жағадан алған сәтте биліктегі бұл өзгерістің қажеттілігі қанша деген сұрақ туындайды.

Сондай-ақ, бір адамның қызметінен кетуі біраз лауазымды тұлғалардың бағын ашты десек болады. Мәулен Әшімбаевтың орнына Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып Дәурен Абаев жайғасты. Ал ақпарат және қоғамдық даму  министрі лауазымы 46 жастағы  Аида Балаеваға бұйырды.  Балаева бұған дейін Президенттің көмекшісі болғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.