Оралдық 18 жұп төтенше жағдай уақытында некелескен. Бұл туралы қалалық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары мәлімдеп отыр. 2020 жылдың қаңтары мен сәуірінде 684 жұптан некелесу бойынша арыз келіп түскен. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда биыл шаңырақ құрғысы келетін жұптардың саны 30-ға артыпты. Сала мамандары қазіргі таңда төтенше жағдайға байланыс электронды үкімет Егов порталы арқылы некелесу, баланың дүниеге келуі және адамның дүниеден өткендігін растайтын құжатқа өтініштерді қабылдап жатқанын айтады.