Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кешігіп жеткен үстемақы  

c 19:45, 23/04/2020 c 738

0:00 / 0:00

Елде қауіпті коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2200 адамнан асады. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, індеттен сауығып шыққандар саны 536 адамды құрады. Өкінішке орай, бүгін Алматы қаласында коронавирустан елу алты жастағы науқас көз жұмды. Осылайша Қазақстанда COVID-19  індетінен қайтыс болғандар саны жиырмаға жетті. Қауіпті нідетті жұқтырған науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қандай қолдау жасалып жатыр? Президент бектікен үстемақы дәрігерлердің қолына тиді ме? Бүгін осы сұрақтарға онлайн брифинг барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жауап берді.

Өздеріңізге мәлім, қазақстандық дәрігерлер COVID-19  індетімен күрес барысында қажетті қорғану киімдерімен толық қамтылмай отырмыз, Президент бекіткен үстемақы  әлі қолымызға тиген жоқ деп шағымданған болатын. Медицина қызметкерлерінің бұл жанайқайы арнайы тескеру барысында расталып, мекеме басшылары тарапынан жіберілген жауапсыздықтар бойынша жауапкершілікке тартылатын болады дегенді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері. Енді міне ақ халатты жандарға дер кезінде болмаса да, тиісті үстемақы кешігіп жетті. Жалпы коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін 35 миллиард 700 миллион теңге бөлінген. Осылайша,эпидемияға қарсы шараларға тартылған 17 425 медицина қызметкеріне наурыз айы үшін 3 миллиард 371 миллион теңге үстемақы төленді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, алдағы айларда үстемақы алатын дәрігерлердің саны  екі есеге артуы мүмкін.

Айта кету керек, әу баста аты жаман аурумен бетпе-бет күресіп жатқан дәрігерлердің  қатарына алғашқы көмек көрсететін  жедел-жәрдем және емхана қызметкерлері кірмегенді. Енді бұл санаттағыларға да үстемақы берілді дейді Жұмағұлов.

Жалпы елімізде  249 мың 533  медицина қызметкері бар болса, оның 17,5 мыңға жуығы қауіпті індетпен күресте  жұмыс істеп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.