0:00 / 0:00
Карантин кезінде Оралда такси қызметінің ақысы шарықтап кетті. Тек төрт таксопарк қызметіне жүгініп жүрген қалалықтар такси қызметі үшін төлем бұрынғыдан бірнеше есеге көбейгенін айтады.Иә, біреуге мал, біреуге жан қайғы. Осындай қиын қыстау кезеңде құлқының қамын ойлайтындардың барын жоққа шығара алмайсың. Орал қаласында жеке тұлғаларға Yandex және InDriver мобильді қосымшалары арқылы тасымалдау жүргізуге тыйым салынады. Осы орайда соңғы күндері тұрғындар арнайы рұқсат берілген 4 түрлі такси қызметінің ақысы айтарлықтай қымбаттағанын айтады.«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі» басшысы Жандос Сәлімовтың айтуынша, бүгінде мониторингтік топ құрылған. Егер қызмет көрсету құнының көтерілгенін байқаған жағдайда хабарласып шағымдануға болады.Естеріңізге сала кетеміз, Оралда қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу 24-ші сәуірге дейін қойылды.