Қазақстан Республикасының "Ұлттық банкі" 2020 жылдың 10 маусымынан бастап 2006 жылы шыққан 500 теңгелік банкнот заңды төлем ретінде қолданыста болмайтындығын мәлімдейді. Ал межелі уақытқа дейін төлем құралы болып, 2017 жылғы банкнотамен бірге айналымда жүреді. 10-шы маусымға дейін аталмыш төлем құралын қабылдамаған жағдайаттар кездессе, өңірлік " Ұлттық банктың" өңірлік филиалдарын шағымдану керек. Заң бұзған азаматтар әкімшілік кодекстің 206-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы көк түсті 500 теңгелік аталмыш банкнотты 2020 жылдың 10-маусымынан кейін де қабылдап, заңды төлемге ауыстыра алады. Ал, Ұлттық банк 3 жылдай аталмыш валютаны қабылдап, алмастырып беретін болады.