Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Парламент жасарады

c 12:07, 23/04/2020 c 485

0:00 / 0:00

Парламентте жастар мен әйелдердің саны артады. Бұл  норма бүгін өткен Мәжілістің онлайн жалпы отырысында  қабылданған сайлау және саяси партиялар туралы Конституциялық заң жобаларында қамтылды. Еске сала кетейік, сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға өзгеріс енгізу мәселесі желтоқсан айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтылған болатын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға түскен саяси партиялардың орталық сайлау комиссиясына ұсынатын партиялық тізімінде әйелдер мен жастарға арналған міндетті 30% квотаны қарастыруды, парламентте оппозциялық партиялардың болуы және партия мүшелерінің санын екі сеге қысқартуды тапсырғанды.

Енді саяси партиялардың мүшелерінің саны 40 мыңнан 20 мыңға қысқаратын болды.  Сайлау және саяси партиялар туралы заң жобаларына енгізілген басты өзгерістер жайында баяндаған әділет министрі Марат Бекетаев, Парламентте жастар мен әйелдер саны артатынын айтты. Конституциялық заң жобаларына енгізілген өзгерістің бірі - партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін 30% квота енгізіліп отыр. Ақыл жастан демекші, енді жоғарғы заң шығарушы органда 29 жасқа дейінгі жас депутаттар отыратын болады. Орта жасқа келіп қалған мәжілісмендер  қатарына аузынан ана сүті кетпеген жастардың келуі қалай  болады, олардың  тәжірибесі жете ме деп алаңдады.

Әділет министрі болса, жас депутаттардың тәжірибесі жетпей жатса, үйретіп аласыздар дегенге келтірді.

Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестерін бұл мәселеге алаңдамауға, жастарға сенуден қорықпауға шақырды.

Бүгінде ел Парламентінде әйел депутаттардың қатары ерлермен тепе-тең болмаса да, шамалы артты. Енді заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, саяси партиялардың қатарында әйелдердің үлесі жастармен қоса алғанда 30 пайыз болуы міндетті. Ал елде құрылып жатқан саяси партиялар тізімі  тек әйелдерден құрылуы да мүмкін ғой.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.