0:00 / 0:00
Елде COVID-19 жұқпалы ауруын жұқтырғандар саны 1700 адамнан асып жығылады. 413 адам жазылып шықты. Өкінішке осы осы індеттен көз жұмғандар саны 19-ға жетті. Осыған байланысты елде енгізілген төтенше жағдай барысында жұмысы тұралап қалған бизнестің бірнеше саласы бойынш бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жұмыс жанданды. Өздеріңізге мәлім, төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комиссиясының шешімімен нақты қандай кәсіпорындар жұмыс істейтіні белгіленген болатын. Ал жалпы Төтенше жағдай режимі мамырдың 1-не дейін ұзартылғанды.Біздің арна тілшілері елордада жұмысын бастаған ұйымдардың тыныс-тіршілігін бақылап көрді.
Сәуірдің 20-нан яғни бүгіннен бастап еліміздің ірі екі қаласында бірқатар ұйымдар жұмыстарын бастады. Төтенше жағдай кезінде тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру тәртібімен жұмыс істеп жатыр. Енді олардың қатарына өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, бірқатар қызмет көрсету ұйымдары кіріп отыр.
Осы аталған салалардың жұмыс уақыты таңғы 09.00 кешкі 18.00 дейін деп бекітіліп отыр.
Руслан Барманәлиев – автокөлік бөлшектерін сатушы; «Карантин басталғалы жабылып,жұмысымыз тұрып қалды.Клиенттерімізді жоғалтып жатырмыз. Біз аккумулятор сатамыз. Сондықтан автокөлік жүрмей, көп тұрғандықтан аккумуляторлары істен шығып жатыр. Әзірге келіп жатқан кісі көп емес. Тапсырыстар түсіп жатыр әрине. Аадамдар ақырындап келуде».
Елордада көлік жуатын, дөңгелек жөндейтін қызмет түрлерінде жұмыс басталып та кетті. Жұмыс қызып жатыр. Себебі көлік жүргізушілері жаппай қысқы дөңкелекті ауыстыруға келген. Ал екінші деңгейлі банктердің алдында кезекте тұрған адамдар қарасы да аз емес. Айта кету керек, екінші деңгейлі банктер сағат таңертеңгі 9:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ банктерге штат санының 50%-ын шектей отыра жұмыс істеуге рұқсат берілді. Әзірге Нұр-Сұлтан әкімдігі қалада нақты қанша мекеменің жұмысы басталғаны мәлімет белгісіз дейді. Ал карантин барысында жұмыс орнына бару үшін рұқсат керек ғой.
Бүгіннен бастап жұмысы жанданған нотаруистерге алдын ала жазылу керек. Ал қоғамдық тамақтану нысандары яғни дәмханалар мен мейрамханалар тамақты тек өзімен алып кету және жеткізу қызметін ғана жүргізе алады. Олардың жұмыс уақыты кешкі сағат 22:00-ге дейін ұзартылды. Ең бастысы жұмыс істеуге рұқсат етілген мекемелер барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтануы тиіс.