Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 14991 бала мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекті тұр

c 00:00, 06/08/2015 c 597

0:00 / 0:00

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда шаһырымыз бойынша 85 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс жасауда. Әрине республикалық "Балапан" бағдарламасымен балабақшалар салынып жатқанымен, бұл әлі де жеткіліксіз. Жас ұрпақ тәрбиесі секілді үлкен міндетті шешуге, мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің маңызы зор екендігі сөзсіз. Алайда әзірге елімізде барлық сәбилерді толық балабақшамен қамтуға мүмкіндік болмай отырғаны. Бүгінде Ата-аналар сәбилерін дүниеге келген кезден бастап, балабақшаға тіркеуге қояды. Сондай-ақ елімізде "Балапан" және "Тәй-тәй" бағдарламалары іске қосылған, алайда аталмыш мәселенің әлі де күрмеуі қиын. Өзедіріңіз естігендей қазірдің өзінде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 14 мыңнан астам бүлдіршін кезекте тұр. Ал ағымдағы жылдың жарты жылдығында Орал қаласында 2998 нәресте дүние есігін ашты. Енді жай ғана арифметикалық бағытпен есептеп қарағанда сол 2015 жылы дүниеге келген сәбилердің 20 пайызына, болшақта балабақшада орын жетіспеуі мүмкін. Ал олардың өсім деңгейі жылдан жылға артып жатқанын еске алсақ, ертеңгі күні оларды мектепке дейінгі мекемеге орналастыру жайы күрделене түсері сөзсіз. Иә, әрине халқымыздың демографиясының артуы, еліміздің өркендеуіне мүмкіндік беретіні сөзсіз. Алайда, болшақта, сол балабақшаға кезекте тұрған балғындарымыздан елге қызмет етуді талап етуден бұрын, ең алдымен олардың дұрыс жетілуіне жағдай туғызған жөн болмас па еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.