Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биылғы жылдың қыркүйегінде Орал қаласында су жаңа білім ордасы қолданысқа беріледі

c 00:00, 06/08/2015 c 731

0:00 / 0:00

Ол Зашаған кентінде бой көтерген №47-ші жалпы орта білім беретін мектеп. Зашаған кенті тұрғындарының артуы әлеуметтік нысандардың қызметіне салмақ салып отыр. Қазір мында 13 тұрғын бой көтерген. Осыған дейін бір мектепте оқыған оқушылардың көбі биыл жаңа мектептің партасына жайғасатын болады. Бұл берілетін білімнің сапасына да өз әсерін тигізері сөзсіз. 1200 орынға лайықталған мектепте жеке-жеке әр балаға көңіл бөлу мүмкіндігі артады. Құрылыс жобасының құны 1 млрд. 700 млн теңгені құрайды. Мектеп асханасы 400 адамға лайықталған. Мәжіліс залы музыкалық саз аспаптарымен жарақтандырылып, ғимарат ішіне бейне бақылау қондырғылары, интерактивті тақталар орналастырылған. Спорт залының құрылысы да ерекше болып шықты. Баскетбол торын жылжытып, кез келген орынға әкеп жайғастыруға болады. Мектепте шамамен 80-ге тарта ұстаз еңбек ететін болады. Бүгінгі таңда осында оқитын оқушылардың тізімі жасалуда. Құрылыс жұмысын абыроймен аяқтаған мердігер кәсіби мерекелері қарсаңында барша әріптестеріне толағай табыс тілеп отыр. Қыстың аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан тас қалап, тынымсыз тірліктен қол үзбейтін құрыш қолды құрылысшыларды біз де арнамыздың атынан мейрамдарымен құттықтаймыз. Ләйім тапсырыстары ауқымды, жұмыстары сапалы болып, ел игілігіне еңбек ете бергей.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.