Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаламыздағы көп қабатты тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жаңғырту "Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы" аясында жүзеге асырылып келе жатырғаны белгілі

c 00:00, 16/07/2015 c 625

0:00 / 0:00

Осы бағдарламаның игілігін көрушілер, қазір де жоқ емес. Локаматив 59 мекен-жайында орналасқан бұл тұрғын үй 1950 жылы салынған. Ғасырдан астам уақыт бойына толықтай жөңдеуді көрмеген бұл баспана, биылғы жылы "Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы" аясында күрделі жөңдеуден өту үстінде. Бұл ұсынысты тұрғын үй қызметіне жауапты пәтер иелері кооперативі - дейді тұрғындар. Күрделі жөңдеу жұмыстарының құны -5 млн. 900 мың теңгені құрап отыр. Жұмыстарнының 30 пайызы ақталған - дейді құрылысқа жауапты мердігер компания. Айта кеткен жөн, бұл жұмыстар мердігер компаниямен биылғы жылдың 13 шілдесінде қола алынып, оны 2 ай көлемінде аятау жоспарда тұр екен. Осыған орай, мұндай игі бастаманы әуелден күткен тұрғындар, "Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының" барына да, берген талабына да дән риза. Бүгінде осындай игілігі мол бағдарламаның қызығын қызықтап отырған тұрғын үй де бар қаламызда. Айталық, Зашаған кенті Жәңгірхан көшесіндегі 9 үйдің тұрғындары өткен жылы "Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы" шеңберінде баспаналарының шатырын түгелімен ауыстырып, жертөледегі су мен кәріз құбырлар жүйесін жаңартып та үлгерген. Жұмыс құны - 14 млн. теңгеге бағаланғанын айта кеткен жөн. Елін бірдей қуантқан "Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы" өзінің мардымды жалғасын әлі де таба бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.