Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өткен аптаның жұмасы күні Айтиеев көшесінің 51үйдің тұрғындары үй ауласына кәсіп көзін көздейтін ғимараттың бой көтеруіне қарсы шықты

c 00:00, 13/07/2015 c 606

0:00 / 0:00

Салынғалы жатқан ғимарат балалар алаңқайының қақ ортасында бой көтеретінін айтпағанда, бүтіндей бір тұрғын үй ауласының үлесін иемденіп отыр. Ал құрылысқа жауапты мекеме болса, істің заңды екенін айтып, құрылысын тоқтатар емес. Айтиеев көшесі 70 тұрғын үйдің ауласына жеке нысанның салынуына қарсылық танытқан Петровского 51 үйдің тұрғындарының бұлайша ашына бас көтеруіне аулаларында басталған құрылыс себеп болса керек. Айтиеев көшесіндегі 70 тұрғын үйге қарайтын бұл алаң қазір қоршалып, дәнекерлеу жұмыстары басталып та кеткен. Тұрғындардың үрейін қашырған да сол дәнекерлеу жұмыстары болып отыр. Өйткені, дау тудырған ғимарат сол маңының балаларының ортақ алаңқайының үстіне салынумен қатар, тұрын үйдің ортақ меншігіне жатқызылатынын айта кеткен жөн. Ал, тұрғындардың айтуы бойынша, ғимарат иесі бұл істе құжаттарым заңды деуден жақ ашпайтын көрінеді. Аталған дауға жауапты тұрғындар өздеріне тиесілі жер телімін алалмай қалғандарына ызалы. Ал, бұл іске қаламыздағы прокуртаура басқармасының мамандары жүргізген тексеріс нәтижесінде, өз кезегінде тұрғындардың біразы жеке нысанның бой көтеруіне келісімдерін берген көрінеді. Тіпті, сала мамандары жеке нысанның заңдылығын білмек болып, құзырлы органдардан сұраулар да жүргізген. Жағдай заң жүзінде дұрыс - дейді прокуратура басқармасының бөлім басшысы Асылбек Қадыралиев. Жағдайды осылайша бақылауда ұстаған қалалық прокуртаура, тұрғындардың ендігі сотқа жүгінулеріне болатындығын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.