0:00 / 0:00
Кешегі мерекеміздің құрметіне, қаламыздан тапсырылған көпқабатты тұрғын үйлерге ие болғандар, негізінен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары мен көпжылдар бойына пәтер кезегінде кезекте тұрғандар. Бұл үйлер үстіміздегі жылы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында тапсырылып отырған көпқабатты төртінші баспана, ал "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қаламызда тағы да 7 тұрғын-жайдың құрылысы басталған. Тұрғындардың көптен күткен, сағындырып жеткен су жаңа баспаналары шаһарымыздың Көктем шағын ауданында отауын тіккен. Үсіміздегі жылда, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары мен пәтер кезегінде тұрған тұрғындарға көп қабатты төрт баспана пайдалануға берілсе, соның үшеуі Астана күніне тұспа тұс бүгін, ал біреуі наурыз айында тапсырылған күні кеше. Тұрғындарға су жаңа пәтерлердің кілтін, облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеұлов пен қала басшысы, Алтай Көлгінов табыстап қоныс иелерінің қуаныштарына ортақтасты. Бір мезетте, 396 пәтерлік тұрғын үйге кезекте тұрған және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" көпжылдар салым салған тұрғындарға, пәтер кілттері теңдей 50 де 50 пайызбен артық кем бөлмей тегістей табыстаған. "Жақсыны көрмекке" деп үйге еңгенімізде, біздің көргеніміз су жаңа тұрғын үйлердің, асығыстау жасалған кейбір бөлігіне, қуанышпен жүрген тұрғындардың өзі де көңілдерін бөлмеді. Аталмыш ауданда соңғы үш жылда 13 үй салынып табысталған, және одан басқа тағы 7 үйдің құрылысы басталған. Оның үшеуі, үстіміздегі жылы табысталады деп күтіледі.