Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Осы айдың 1-нен бастап Орал қаласында суға шомылу маусымы басталды

c 00:00, 03/06/2015 c 1156

0:00 / 0:00

Аталған жағдайға орай, аймағымыздағы төтеншеліктер қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, тұрғындарға айтудан жалығар емес. Шынымен, қауіпсіз орын - деп тұрғанымыз тұрғындарға жете таныс мәдениет және демалыс саябағында орын тепкен мына жағажайды меңзедік. Бұны төтеншеліктер де ашық мәлімдейді. Аталған жағажай бүгінгі күні заманауи талаптарға сай, шомылу құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Жаз мезгіліндегі аптап ыстықтан саялаудың бір жолы - өзен-көлдер мен су-тоғандарды жағалау - деген жасы мен жасамысының пікірі орынды болар, сірә. Бірақ көңіл көтеремін деп, тыйым салынған су айдындарында опық жеп қалғандары да жоқ емес. Мәселен, биылдыққа жедел қарқынмен 13 адам судың құрбаны болса, оның 8-і өрімдей жеткіншек. Ал, жасөспірімдердің жаға ұстатар көрсеткіште суға кетуі, көбіне ата - аналардың көлеңкеде саялап отыруымен, белгіленбеген жабайы жағажайларда көп шоғырлануы - деп мәлімдейді сала мамандары. Бүгінде аталған көрсеткіштен кейін, суда құтқару қызметінің сала мамандары, жедел іс-қимылға кірісіп те кетті. Айталық, қазірдің өзінде 2 бекет жасақтары мен 20 құтқарушы жұмысқа жұмылдырылып отыр. Ал, бұл пікірге тұрғындар бірдей, қазіргі таңда талапқа сай жағажайдардың жоқтығы себеп - дейді. Ал, жазғы уақытта түрлі саябақтар мен жағажайларда тез тағам - аталатын дүңгіршектер мен тамақтану орындарының көбеюіне орай, тұтынушылардың құқытарын қорғау басқармасы да санитарлық іске қарсы қаруын сайлап та қойған. Егер қоғамдық тамақтану орындарында жаппай улану фактісі болса, іске жауапты кәсіпкерлерге 10 -нан 20 АЕК салынатын көрінеді. Иә, жоғарыда аталған ажал құқшан адамдардың саны шомылу маусымы басталмай жатып орын алуы, жан түршігерлік мәселе. Не десекте, сақтансаң-сақтармын -деген асыл сөзді тұрғындардың ұмытпағандары абзал.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.