Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев Круглоозерный кенті Серебряков ауылындағы орта мектепте ауыл шаруашылығы саласында өз кәсібінен нәсіп табуды меже тұтқан түрлі шаруа қожалық иелерін мемлекеттік бағдарламалар қатарымен таныстырып өтті

c 00:00, 22/05/2015 c 777

0:00 / 0:00

Алқалы отырыста қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев пен Круглоозерный кенті Серебряков ауылының әкімі жергілікті халықты «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасының жәй-күйімен таныстырды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы мақсатының бірі – ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болмақ. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар көшіне өткен жылы жаңадан қосылған "Инвестиция жолымен субсидиялау" бағдарламасы да жиында сөз болды. Осы жаңа бағдарламаның игілігін Круглоозерное кентінде көріп жатырған тұрғындар да жоқ емес. Мәселен, субсидия жолы арқылы мемлекеттен өткен жылы қаражат алып, 30 соток жерге 700 түп алма ағашын отырғызған бұл шаруа қожалығы, жергілікті бау- бақша өнімінің дамуына өзінше үн қосуда. Қалауын тапқан адам - қарды да жандыра алады - дейді кәсіп иесі. Ал, 70 шаршы метр жылыжайға қияр өнімін отырғызған кәсіпкер, өнім нәтижесінің қазірдің өзінде көрініс бергеніне қуанышты. Аталған қожалық иесі «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасы арқылы 3 млн. жуық қаражат алған. Азамат қыс мезгілінде де кәсіпті жалғастыруды көздеп отыр. Мемлекет бағдарламалары тарапынан өткен жылы 220 млн. жуық қаражат ауыл шаруашылық кәсіпкерлеріне бөлінген болса, ал биылғы жылы қаражат құны 521 млн. теңгеге жетіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.