0:00 / 0:00
Елбасымыздың кемел болашақ алдына қойған маңызды міндеттердің бірі - бәсекелестікке төтеп бере алатындай экономикасы дамыған ұлт болуымызда. Бұл жауапты іске ҰБТ-дің де бағындырған белестері мен асулары да маңызды болмақ. Ал, жүректері әуелден лүпіл қақан мектеп түлектеріне биылғы ҰБТ-ның жыл соңында сыйлаған өзгерістер қалыпты жағдай, әрі түлектер де бұл жаңалыққа дайын - деп атап өтті қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары. Сала мамандары атап өткендей, бар жиған-тергенін сараптап, ҰБТ-ң дайындығына кірісіп кеткен оқушыларды құлақандырар өзгерістер қауырт болмағанымен, назар аудартатын жағдай. Айталық, енді еліміздегі кез келген ҰБТ сынағына Астана қаласындағы министрліктен бір өкіл қатысып, жағдайды сырттай бақылауға алынатын болса, тестілеу сұрақтарының 30 пайызы өзгертіліп отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап, сынақ алаңында ұялы телефонмен ұсталған түлектің жинаған ұпайы түгелімен жойылып, тест тапсыру мүмкіндігінен айырылатын болады. Осындай өзгерістерге біздер қанықпыз, әрі дайынбыз - деп екпін бере атап өткен қаламыздағы №42 «Ақниет» гимназиясының түлегі Жұлдыз Букесова, қай уақытта, қай жағдайда болмасын адам өзіне сенуі керек - дейді.Ендеше, үміттерін үкілеп, сын сағатына аттанар биылғы жыл түлектеріне толағай табыс қатарласқан жеңіс тіледік.