Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының барлық аудандарында дерлік, ыстық су ажыратылады

c 00:00, 19/05/2015 c 721

0:00 / 0:00

Тек бір мезетте емес, гидравликалық сынақтар кезек бойынша атқарылады. Сол себепті ыстық судың берілімі де сатылап тоқтатылмақ. "Жайық жылу қуат" АҚ әр аудан халқы өз кезектерін алдын ала біліп, тіршілік көзін қажетінше бірнеше күнге жинап алуы үшін жұмыс кестесін жариялап отыр. Жыл сайын жылыту маусымы аяқталған соң желілерді гидравликалық сынау жұмысы атқарылады. Ондағы мақсат-тот басып, тозған темір құбырлардың бойынан осал тұсын анықтап, алдағы қысқа дайындау. 19-мамыр күні ыстық судан ажырап қалған Молдавская, Ярославская, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Кердері, Құрманғазы, Ықсанов, көшелері мен Еуразия, Достық даңғылы, темір жол бекеті ауданы мен Омега зауыты ауданы және Локомотивная көшелері 20-сы күні тіршілік көзіне қайта қосылады. Ал 26-нан бастап осындай жұмыстар қаланың басқа аудандарында атқарылады. Магистралдық және квартал ішілік сынаулар қала әкімдігімен келісілген. 2-3 маусымда осындай себеппен Орда, Гагарин, Демократиялық, көшелері мен Ет комбинаты ауданында, ал 9,10-шы маусым күндері Достық даңғлы, Есқалиев, Масин, Молдағалиев, Фрунзе көшелері мен Облыстық аурухана, Зенит аудандарында да ыстық судың берілімі тоқтатылады. Жылу қазандықтарын, цехтарды қосалқы жабдығын жөндеу және ұзындығы 635 шақырым қазандық шаруашылығына қарасты жылу желісін күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Соған орай коммуналдықтар қазылған, қоршалған аймақтарға жақын бармай, сақ болуды ескертіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.